СҚО-да Мәжіліс сайлауына партиялық тізімге үміткерлер сайланды
Конференция жұмысына партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Ең көп дауысты «Зенченко және К» КС бас директоры Геннадий Зенченко, «Солтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Есжан Оразалин және «Заң қызметтері орталығы» ЖШС директоры Дмитрий Колода жинаған. Олар басқа 13 үміткердің қатарында пікірталасқа қатысып, бірқатар өткір тақырыптарды көтерді. Олардың ішінде– білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту және тағы басқалар.

Конференцияда делегаттар соңдай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының мәслихатына партиялық тізімді бекітті. Оған партиялық квотаны ескере отырып, ең жоғары рейтингісі бар 48 праймериз қатысушысы кірді, оған сәйкес қазір тізімде әйелдердің 33 %-ы және жастардың 21 %-ы бар. Үміткерлердің орташа жасы 46 жасты құрады. Облыстық мәслихаттың жұмыс істеп тұрған депутаттарының ішінен тізімге 10 адам кірді.
Партиялық тізімдегі ең көп ауыл шаруашылығы (27%), кәсіпкерлік (17%) және денсаулық сақтау (10,4%)өкілдері. Сондай-ақ, партиялық тізімді білім беру, БАҚ, ҮЕҰ, өнеркәсіп, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, мәдениет және спорт қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен партия қызметкерлері ұсынады.
Конференцияда партияның XX Съезіне делегаттар сайланып, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
