Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО-да «Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын бекітілді

Партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова атап өткендей, сайлауалды бағдарламада өңір экономикасының өсуі, өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз өңір және өмір сүрудің жаңа сапасын қамтамасыз ету сияқты бағыттар айқындалған. Облыс бойынша сайлауалды бағдарламалардың 15 жобасы әзірленді: 1 – облыстық, 1-қалалық және 13 аудандық.

«Облыс бойынша партия мүшелерінен 1150 ұсыныс түсті, оның ішінде сайлауалды бағдарлама жобаларына – 1088. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламалардың жобаларында 978 ұсыныс қарастырылған, тағы 81-і пысықталып, жобаларға қосымша енгізілді. Қазіргі уақытта 19 ұсыныс бойынша шаралар қабылдануда, 10 ұсыныс республикалық деңгейге жатады. Тақырып бойынша көлік және инфрақұрылым (34%), тұрғын үй және ТКШ (25%), білім беру (8%), экономика және бизнес (5,6%), ауыл шаруашылығы (3,5%) мәселелері басым», - деді Әсем Рахметова.

Партиялық конференциялар – праймериздің екінші кезеңі. Олар партияның барлық 14 аумақтық филиалдарында өтті, онда жергілікті мәслихаттарға партиялық тізімдер анықталып, Петропавл қаласы мен әр аудан бойынша сайлауалды бағдарламалары бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында праймеризге 632 нұротандық қатысты, олар бір ай бойы үгіт науқаны барысында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарғаны туралы өз ойларын айтқан болатын. Облыс бойынша кандидаттар сайлаушылармен 6 500-ге жуық кездесу өткізіп, барлығы 123 500 адамды қамтыды.

0
0
152

Осы тақырып бойынша

СҚО-да «Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын бекітілді - Yvision.kz