Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сүрінгенге - сүйеу, жығылғанға - арқау

Аталмыш мәселені «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы назарға алды. Айтулы мәселенің тінін тарқатсақ, балалар үйінен шыққан бойжеткен жүкті болып қалады. Басар тау, барар жер қалмай Аналар үйіне жолығады. Аталмыш орын божеткеннің короновирус бар-жоғын анықтайтын тесттен өтпеген соң қабылдаудан бас тартады. Жағдайды назарға алған облыстық партия филиалы денсаулық сақтау басқармасы арқылы індетті анықтайтын тесттен өткізіп, Аналар үйіне орналасуға ықпал етеді. Осындай қамқорлық көрген бойжеткен жағдайына бей-жай қарамаған партия өкілдеріне алғысын білдірді. Облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Т.Жанысбектің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 7 айында қоғамдық қабылдау бөлмесінде 18 747 өтініш тіркеліп, 10852 өтініш оң шешімін тапса, 7895 өтініш бойынша кеңестер берілген. 19 наурыздан бүгінгі күнге дейін партия филиалдарына #Biz Birgemiz акциясы аясында 16 423 өтініш, оның ішінде 10051 өтініш оңды шешілді. Call орталыққа 9713 азамат хабарласқан. Алматы облысы бойынша праймериз бойынша 1923 өтініш тіркелген

0
0
242

Осы тақырып бойынша

Сүрінгенге - сүйеу, жығылғанға - арқау - Yvision.kz