Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сағынамын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Күндіз, түнде, неге сені, сағынамын?

Жүрегімнің, дүрсіліне бағынамын.

Сені ойласам, ұйқым қашып, қиналамын,

Бірге болған, күндерімді, еске аламын.

 

Әлде қалай, махаббатың заңы, солма?

Шын сүйгендер, бола алмайды-ау, мәңгі жолда.

Тең келмейді-ау, енді жаным, саған басқа,

Махаббатты, бағалайық, қолда барда.

 

Неге сезім, қалды енді, аңыз болып?

Тек сергелдең, сары уайым, қалды басып.

Ұмытылмас, есіміңді, кеттің жазып,

Жүрегімнің, ақ төрінен, орын алып.

 

Сағынамын, сол бақытты, күндерімді,

Мөлт-мөлт еткен, сұлу қара көздеріңді.

Түсінсемде, түсінбеспін, бұл өмірді,

Қайтып басам, аласұрған көңілімді?

0
1
955

Осы тақырып бойынша