Сағынамын, сол күндерді...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Secret Garden
Бейнематериал авторы – Нарыжная Людмила
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Әлі есімде, гүл жайқалып,
Тұрушы еді, сол жазда.
Айырылмастай, тату болып,
Қиял құрдық, арманда.
Сағынамын, сол күндерді,
Сан бақытқа, бөлеген.
Бұл сезімді - “неге-неге”,
Сақтамадық, төзімде?
Еркелетіп тұрып, неге?
Алыстадың, сен бүгін.
Кінә кімде, менде ме,
Әлде, тағдыр шешті ме?
Ұмытпаспын, есіміңді,
Сағынышқа оралған.
Күліп тұрып, жыласамда,
Үзбеймін үміт, тағдырдан.
