Сағындым-ау «Аудио өлең, поэзия»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Michelle”
Бейнематериал авторы – Фарида Корбосова
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Сағындым-ау, мен сені, сағындым-ау,
Тағдырменен тілдесіп, арпалысып.
Қайран жүрек, езіліп барасың-ау,
Қой десем де, басылмай, жағаласып.
Өмір өзен әкеттің-ау, ағыныңмен,
Қалдырып, жалғыздықтың жағасында.
Бұрқыраған, өмір өзен, тасқынымен,
Жол бермедің, кездесуге, тағы да.
Діріл қағып, барады, неге сезім?
Жалғыз қалып, мынау ызғарда, тоңғаны ма?
Барады-ау, неге сыздап, мынау жүрегім?
Жаза алмастай, таңбасын, салғаны ма?
Талпынармын, қайтейін, мен аянбай,
Жатсадағы, тағдырым, артқа тартып.
Тек қорқамын қаласың ба, оянбай,
Соңғы күшпен, мен тұрғанда, шақырып.
