Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Саламатты болашақ» жобасы: 320 «ерекше» спортшыларға арналған 8 бейімделген секциялар

Нұргүл Ұлжекова қайырымдылық ұйымын құруға мәжбүр болды деп айтуға болады, себебі ол мүгедектігі бар ұлды тәрбиелеп отыр, оның церебралды сал ауруы (ДЦП) бар.

«Біз бірінші сыныпқа барған кезде менің балам, барлық құрдастары сияқты спортпен айналысқысы келді. Бірақ өкінішке орай, оны ешқандай бөлімге қабылдамады. Осы уақытта біз сонымен қатар «Қасиетті жол» орталығында оңалтуға барып жүрдік. Біздің ЕДТ-нұсқаушымыз тәжірибе ретінде ЕДТ-нің орнына каратэ катаны қолдана бастады. Ұлыма емдік дене шынықтырудың осындай интерпретациясы ұнады. Курсты аяқтағаннан кейін мен ұлымды каратэ бөліміне беру керек деп ойладым. Менің балам жүрсе де, ақылы сақталған болса да, өкінішке орай біз бірде-бір жаттықтырушыға бекітіле алмадық, барлығы оны алудан бас тартты. Сондықтан баламмен бірге түзету балабақшасына барған балалардың қатысуымен өз секциямды құру идеясы туды», - дейді Нұргүл Ұлжекова.

Қор 2016 жылы құрылды, содан бері спорттың сегіз түрі бойынша секциялар ұйымдастырылды: бейімделген каратэ, таэквондо, жүзу, инклюзивті хореография, бол-бол, боча, спорттық бағдарлау. Онда әр түрлі диагнозы бар 160-қа жуық бала, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан дені сау балалар айналысады. Инклюзивті боулинг бөлімі жұмыс істеген кезең болды.

«Төрт жыл ішінде жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар кемінде 160 бала біздің секцияларға тегін барады. Оқу жылының басында біз бастапқы кезеңде дене дайындығына бақылау тестілерін жасаймыз және оқу жылының соңында тағы да осындай тестілерді өткіземіз. Сол арқылы спортшыларымыздың дене даярлығының серпінін байқаймыз. Егер сандар туралы айтатын болсақ, онда біздің балаларымыздың 97%-ға жуығы икемділік, ептілік, үйлестіру қабілеттері тұрғысынан дене даярлығы бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Кейбір ата-аналар балалардың спортпен айналысуына байланысты коммуникативтік және сөйлеу дағдылары пайда болғанын атап өтті», - деп атап өтті Н.Ұлжекова.

Сонымен қатар, Ұлжекова және оның ниеттестері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

«Өз көкжиегімізді кеңейту үшін біз «Саламатты болашақ» жобасын жасадық. Алғашқы кезде біздің демеушілеріміз «Асыл бала» қоғамдық қоры, сол кездегі және қазіргі кездегі әлеуметтік серіктестеріміз: Оқушылар сарайлары, «Haileybury School Astana», Паролимпиадалық жаттығу орталығы, «Спейс фитнесс» клубы, «Фламинго» спорт кешені және «Замандас» аула клубы. Бұл базаларда балалар тегін оқиды. Демеушілер жаттықтырушылардың жалақысын, біліктілікті арттыру курстарын төлейді. 2018 жылдан бастап бізге «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры көмектеседі. Олардың бірінші қолдау жылы бейімделген дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға арналды. Қазақстанда бұл жаңа ғылым, бізде бірде-бір оқу құралы, оқулық болған жоқ. 2019 жылы біз «Бейімделген дене шынықтыру және спорт» оқу құралын, өзіміздің практикалық тәжірибеге сүйене отырып, балаларға арналған бейімделген спорт түрлері бойынша 6 дене шынықтыру-спорттық бағдарламаны әзірледік. Өзіміздің ғылыми әзірлемелеріміз таныстырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, , бірнеше елден, атап айтқанда Ресей, Оңтүстік Кореядан мамандарды шақырдық. Қатысушылар саны 320 адамға жетті: бұл ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар, өңірлердегі педагогтар. Қатысушылардың сауалнамасы конференцияның өзекті екенін, ал алған білімдері пайдалы екенін көрсетті. Бірақ барлығы біліктілікті арттыру курстарына мұқтаж екенін айтты – білім жетіспейді!» – деді әңгімелесуші.

Сондықтан «Саламатты болашақ» жобасы кадрларды даярлау мәселесін шешуді қолға алды. Жобаның бастамасы бойынша университеттерде «Бейімделген дене шынықтыру» пәні пайда болды. Қазір олардың оқу құралдарын Білім және ғылым министрлігі ұсынып отыр. «Саламатты болашақ» жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына «Бейімделген дене шынықтыруды» тек пән ретінде ғана емес, мамандық ретінде қосуына қол жеткізуде.

Салтанат Түменбаева – ерекше қажеттіліктері бар Әлішердің анасы, күнделікті өмірде қандай қиындықтармен күресуге тура келетінін және «Саламатты болашақ» жобасынан қандай көмек алатынын айтты.

«Біздің «ерекше» балаларымыз елден ала бөтен сияқты. Бұл мектеп, секция, лагерь немесе бассейн болсын – барлық жерде олар хайуанаттар бағындағы жануарлар сияқты көрінеді, оларды күлкі-мазақ етеді... Біздің қоғам жақында ғана осындай адамдарға деген көзқарасын өзгерте бастады. Ал біздің балалар да спортпен айналысқысы келеді. Сондықтан біз қордың бар екендігі туралы бір ерекше баланың ата-анасынан дер кезінде білдік. Екі секцияға жазылдық: жүзу және каратэ. Біздің балаларымызды концерттерге, мерекелерге шақырады, сыйлықтар жасайды. Біз қордан айырылмаспыз және көмек пен қолдау үшін өте ризамыз, әсіресе осы қорды дамытып, балаларымыз үшін үлкен жұмыс істеп, проблемаларымыздың шешімін мемлекеттік деңгейге жеткізген Нұргүл Ұлжековаға. Ерекше балалардың ата-аналарына арналған кеңесім: үмітіңізді үзбеңіз, қорға жазылыңыз және спортпен шұғылданыңыз», - дейді Салтанат Түменбаева.

Спорттық бағдарламаның тағы бір қатысушысы – Шынар жақында 25 жасқа толады.

«Ол мамандандырылған мектепте оқыды. Ол кезде инклюзивті білім болған жоқ. 2012 жылы Қарағандыдағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектепті бітірді. Әрі қарай, өкінішке орай баратын жеріміз болмады. Содан бері ол үйде болды. Екі жыл бұрын біз елордаға көшіп келдік, міне, бір жылдан астам уақыт бойы қорымызбен біргеміз. Мен барлық ризашылығымды білдіре алмаспын. Бүгін менің қызым қоғамда. Бұл тек біз, мұндай балалардың ата-аналары, қоғамда болу дегеннің не екенін түсінеміз», - деді анасы.

«Мен үшін қайырымдылық деген не? Бұл, ең алдымен өзінің әл-ауқаты туралы ғана ойлайтын емес, басқаларға қамқорлық жасағысы келетін адамның жанының шақыруы. Бұл әртүрлі жолдармен көрінеді: біреу материалдық жағынан көмектеседі, біреу өз уақытымен. Біздің қор қаржылық көмек көрсетпейді, біз осындай балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын тараптардың күш-жігерін біріктіруге көмектесеміз», - деп түйіндеді «Саламатты болашақ» жобасының жетекшісі Нұргүл Ұлжекова.

Материал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы үшін дайындалды.

#cisc2020 #qogamgov #amal #amal2020 #amal2020kz #amalkz

0
0
806

Осы тақырып бойынша

«Саламатты болашақ» жобасы: 320 «ерекше» спортшыларға арналған 8 бейімделген секциялар - Yvision.kz