"Самал" қонақ- үй кешенiнiң қызметкерлерімен кездесу өтті
Бүгін Ақсай қаласындағы "Самал" қонақ- үй кешенiнiң қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудiң тақырыбы, ағымдағы жылдың 20- қарашасында елiмiзде болатын кезектен тыс президент сайлауына қолдау көрсетуге қызметкерлерді шақыру, сайлау туралы ақпарат беру. Аталған мекеменің қызметкерлеріне аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы не себепті кезектен тыс президент сайлауы болып жатқанын және елiмiздегi бейбітшілік пен татулықтың қадiрiн бiлуге шақырды. «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы О.Тулемисов 6 - қазанда, Астана қаласында партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң коалициясы арқылы Қ.К. Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат ретінде ұсынғаны туралы баяндап берді. Елiмiзде алғаш рет "АМАNАТ" партиясы және басқа партиялар мен оннан аса қоғамдық бiрлестiктер бiрiгiп, ортақ кандидат ұсынып отырғанын айтылды. Қызметкерлер тарапынан сайлауға қатысатындықтары айтылды.





