Сан құбылтқан өмірді, тағдырым-ай...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Александра Пахмутова «Старый клен»
Бейнематериал авторы – Людмила Нарыжная
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Мынау жүрегім неліктен, дүрсіл қағып,
Соғып жатыр кеудеме, мүлдем сыймай.
Көктем бе екен шіркін-ай, есікті ашып,
Кіріп келген, рұқсатымды сұрамай.
Тағы көктем, шақырасың сен қайда,
Қандай сыйың бар маған, қоржыныңда?
Көрсете ғой, тек босқа қызықтырма,
От боп шоқтан жанайын, ондай болса.
Беу көңілі-ай, тұра тұршы асықпай,
Ойланайын мүмкін болса, тағыда.
Бір ерекше соқтың-ау, жүрегім-ай,
Сан құбылтқан өмірді, тағдырым-ай.
