Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сары-Арқа «Сары-Арқама арнау»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мен, қазақтың қызымын, мақтан тұтам,

Жусанымен мүңкіген, бар кең далам.

Сен биікке ұшырдың, болдың мақтан,

Ғашық болдым өзіңе, бала шақтан.

 

Сары-Арқама сүйсініп, қарай берем,

Сағынышты баса алмай, саған келем.

Еркелікті көтерген, туған өлкем,

Бүгін саған, айтшы енді, мен не берем?

 

Әнім болсын, енді саған, арнауым,

Сен үшін ғой, мынау менің, бар жаным.

Сапар шексем, алыстағы қалауым,

Қайта оралу, маған үшін, сол бағым.

0
1
568

Осы тақырып бойынша