Сенбілік тазалықтың кепілі !
♻️Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент ұжымы ағымдығы жылдың 16 қазан күні жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбіліктің қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Аталған шараға Департаменттің қызметкерлері жұмылдырылып, Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысындағы аймақты абаттандыру мен жинау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында, көшелер мен тротуарлар қоқыстардан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек. Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.
