Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сені іздеймін, әлі мен, сенесің бе? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ким Да Хи

Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – Айгүл Сағымбайқызы

         

Сені іздеймін, әлі мен, сенесің бе?

Өткен күннен, албұрап, атқан таңнан.

Бір өзіңді аңсаймын, білесің бе?

Әлі іздеймін көшеден, әр адамнан.

 

Іздеймін-ау бұлақтан, асқар таудан,

Қол жетпейтін, жеткізбейтін бұлттардан.

Нөсерлеген, құйып тұрған жаңбырдан,

Сені іздеймін, мазалаған ойлардан.

 

Кейде іздеймін қасымнан, кейде алыстан,

Көкжиектен іздеймін, алаңдатқан.

Ақ сезімнен іздеймін, сағындырған,

Сені іздеймін, алып ұшқан арманнан.

 

Сені іздеймін, алаңдағы гүлдерден,

Бүршігінен, сені іздеймін, иісінен.

Сені іздеймін, самалдан, кейде желден,

Біресе күннен іздеймін, біресе түннен.

   

https://www.youtube.com/watch?v=6lgrL64Gvo0

1
1
947

Осы тақырып бойынша

Сені іздеймін, әлі мен, сенесің бе? «Аудио өлең» - Yvision.kz