Сенімді өкілдердің сайлауалды кездесуі
Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында "Орион"ЖШС мен "АқсайЖаңығырту" ЖШС қызметкерлерi және аудандық әскери комисариаттың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, сайлауда өз дауыстарын осы кандидатқа беру бойынша үгiт-насихат жүргізу.Шақырылған қызметкерлер сайлау туралы, азық -түлiк тауарларының қымбатшылығы өз ойларымен бөлісті. Қ. К.Тоқаевтың "Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді" деп айтқан сөздері жеткiзiлді. Кездесуге қатысқан қызметкерлер сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.




