Сезім
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Сезім, сүю, әр адамға, бір арман,
Іздегенім, табылғандай, о жалған.
Қуаныш па, жүрегімді баураған?
Бақытсың ба, әлде маған табылған?
Өрттей болып, ыстық лебіз, лап етті,
Бір көрмесем, баса алмаймын бұл дертті.
Есте сақтап, қалайықшы, бұл сәтті,
Шыр көбелек айналдырып, әкетті.
Бұл сезім бе, махаббат па, әлде арман?
Армандаумен іздегенім, сендей жан.
Айларменен, күндер өтті, талай сан,
Бақыт болдың, маңдайыма жазылған.
