Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шиелі ауданының денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті

Мұнда олар жергілікті тұрғындармен, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды таныстырды.

Мәселен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен болған кездесуде штаб мүшесі Мыңжылқы Бердіқожаев медицина саласы қызметкерінің мәртебесі артпайынша аталған салада даму болмайтынын алға тартты. 🗣«Дәрігер мәртебесін заң жүзінде бекітуді, медицина қызметкерлерін қорғау мен қолдауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, цифрландырудың арқасында қағазбастылықты азайтуды және денсаулығы туралы ақпараттың әр азаматқа толық қолжетімді болуын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», – деді М.Бердіқожаев. ▶️Бұдан соң штаб мүшелері «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл кенішінің жұмысшыларымен кездесті. Өз кезегінде, кандидат Наталья Дементьева партия бағдарламасында қоғамның әр саласы жеке-жеке қарастырылғанын, партия ең алдымен өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ден қоятынын жеткізді. Тағы бір кездесу Талаптан ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. 🗣«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіледі. Партия ауыл тұрғындарына шағын несие алуға көмектесумен қатар, шаруаларды кооперативтік кәсіпкерлікке тартады. Ал оның игілігін ең бірінші кезекте ауыл тұрғындары көреді», – штаб мүшесі Мұрат Әбенов. Кездесу соңында тұрғындар жылы лебізін білдіріп, үміткерлерге алдағы сайлауда сәттілік тіледі. #AMANAT2023 #ДауысБерAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Шиелі ауданының денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті - Yvision.kz