Шіркін-шіркін сол кезде, оралғанда...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Cafe De Beyoğlu - Kurşun Adres Sormaz Ki (Official Audio)
Бейнематериал авторы – RIM Lab «Каркаралы, Кентские горы»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Шіркін-шіркін сол кезде, оралғанда,
Үміт үзбей мен жолға, қарағанда.
Мұң моншақтар жанардан, шашылғанда,
Сен қасымнан дәл сонда, табылғанда.
Сен қасымнан шіркін-ай, табылғанда,
Тағдырымнан шалынып, құлағанда.
Ауыр сөзден түңіліп, жылағанда,
Өмірімнің бар мәнін, жоғалтқанда.
Әттең-әттең қасымнан, табылғанда,
Шаршағанда, сені іздеп, жабыққанда.
Сенсіз өткен уақытқа, көңілім толмай,
Күн мен түнді, мен тізіп, санағанда.
