Штаб ресми түрде өз жұмысын бастады
Ауданымызда халықтық коалиция мүшелерінен құралған аудандық қоғамдық штаб ресми түрде өз жұмысын бастады. Аудандық қоғамдық штабтың төрағасы Б.Қуанәлиев үлкен саяси науқанның басталуымен құттықтау сөз сөйлеп алдағы науханда белсенді жұмыс күтіп тұрғандығын жеткізді. Өз кезегінде сөз алған «Ақжол» партиясының өкілі Е.Нигметов, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ғ.Шагиров, өз тілектерін жеткізіп кандидатымыз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың штабында бірге жұмыс жүргізетіндігін жеткізді. Жиналғандар үлкен жауапкершілікпен үгіт насихат жұмыстарын бастайтын болды.
