Штаб жетекшісі "Аққайың" ПИК-де кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін Ақсай қаласының 10 шағын ауданда орналасқан "Аққайың" ПИК - ке аудандық штаб жетекшісі О.Тулемисов пәтер иелерімен кездесу өткізді. Пәтер иелері Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныса отырып, толық қолдайтындарын жеткiздi. Cонымен қатар өз мәселерін де айтты.
Жалпы кездесуде болған тұрғындар сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтындарын айтты.





