Швейцарияда 13-ші зейнетақы берілетін болды. Ал айлық зейнетақы қанша?
Швейцарияда жалпыхалықтық референдум кезінде дауыс берушілердің 58,2%-ы 13-ші зейнетақы беруді қолдады.

Фото: depositphotos.com
Deutsche Welle-нің хабарлауынша, осындай заң жобасын жергілікті кәсіподақтар мен солшыл партиялар ұсынған. Референдумға сайлаушылардың 58%-ы келген. 26 кантонның (Швейцариядағы ірі аумақтық-әкімшілік бөлініс) 16-сы қолдапты.
Айта кетейік, Швейцарияда орташа айлық зейнетақы жалғызбастылар үшін 2450 швейцар франкі (шамамен 1 251 950 теңге), ал жұбайлар үшін 3675 франк (шамамен 1 877 925 теңге).
