Сіздерді 14 наурыз – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Қымбатты отандастар! 📷Бұл – алты ай қыстан, ақ қар, көк мұздан түгел шыққан ағайын-жұрт амандық сұрасып, көрісетін күн. Ұлттық мереке – Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында адамдар бір-бірімен сәлемдесіп, ақ жарма тілегін ақтарып, игі-жақсылық тілейді. Жер аяғы кеңігеніне, табиғат ана түрленіп, тіршілік атаулының жаңарғанына ризашылығын білдіреді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Дархан даламыздан ырыс, береке, құт арылмасын! t.me/AMANATPartiyasy
