Соңғы сезім
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ким Да Хи
Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Соңғы сезім, демейінші өзіме,
Неге, неге басып жатыр, мынау қайғы?
Ойлар, ойлар, жас келеді көзіме,
Бар тілегім, болмашы, сезім соңғы.
Мынау киелі қағазда, әріппенен,
Бар амалым, қоштасу, ақ тілекте.
Тек өзіңді сүйемін, шын сезіммен,
Сол сезім, қалсын есте, жүректе.
Жазда кетті, жарқыраған көңілден,
Сары күзбен, бәрі мұңға оралды.
Түңілгім, келмейді ғой өмірден,
Аппақ қармен, тағы үміт, ұмтылды.
Керек емес, қайтадан, жараны ашып,
Болмайды ғой, тағдырмен қасарысып.
Жатсадағы бұрқырап, мұңым тасып,
Жіберейін сезімді, мен босатып.
