Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сот кабинеті» жүйесімен танысу

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты, сот жүйесіне деген қолжетімділікті және сот жүйесінде ашықтыққа қол жеткізу мақсатында, заманауи технологияларды қолдану арқылы «сот кабинеті сервисі» атты жаңашылдықты енгізген болатын. Бұл жобамен қолдану үшін, электронды қолтаңба арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайты қолдана отырып  жұмыс істей аласыз.  Бұл қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелігі бұл сотқа шағым, талап, арыз, өтініштерді, апелляциялық, жеке, кассациялық шағымдарды және бақылау тәртібінде істі қайта қарау туралы өтініштерді жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеудің мүмкіншілігі өте жоғары. Сервисті қолданушылар үйде немесе жұмыс орнында отырып интернет желісі арқылы сотқа талап арызды бере алады, сот отырысы хаттамасын алу, азаматтық іспен танысу туралы арыздарын жолдай алады, тағы да қос кететін жайт, жоғарыда айтылған жобаның мобильдік қосымшасы да  жұмыс атқарады, Сот кабинеті» сервисі арқылы сот органдарына жолданған барлық электрондық құжаттарды мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен көруге, сот органына берілген құжаттардың қозғалыс статусын қадағалауға мүмкіндік алады
Қазіргі таңда әлемде замануи технологиялардың дамуына байланысты, қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес, сот жүйесінің қызметіне және де басқа мемлекеттік жүйелерге, құқық қорғау органдарында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің қажеттілігі туындады, яғни осы мақала арқылы  еліміздің тұрғындарын осындай жаңашылдықпен таныстыруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда сот жүйесінде «сот кабинеті» жобасынан бөлек басқа да жобалар жүзеге асырылған,атап айтсақ, барлық сот процестері бейне бақылауға алынып отырады, сот отырысының болатын уақыты мен мекен-жайы телефоныңызға хат арқылы хабарлама ретінде жіберіледі, болашақта әрине басқа жобалардың қосылатынын айта кетсек қателеспейміз. Технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.                       Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай

1
0
1679

Осы тақырып бойынша

«Сот кабинеті» жүйесімен танысу - Yvision.kz