Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот отырысының хатшысы атқаратын қызмет

Сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады.

Сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады.

Сот отырысының хатшысы - сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші. Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын түсініктемелерін, сондай-ақ, сот отырысының хаттамасында көрсетілуге, басқа да жағдайларды толық және дұрыс жазуға тиіс. Сонымен бірге, сот отырысының хаттамасын белгіленген мерзімде дайындауға, жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Хатшы тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп, істерді ресімдеп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды. Сот процесінің өз уақытында өтіп, тараптардың бірдей қатысуы сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты. Сот отырысының хатшысы әдепті, білімді, қарапайым болумен қатар, арызданып келген халыққа өз құқықтарын қысқаша түрде түсіндіріп, сот төрелігінің әділдігіне, мемлекеттің мүддесіне қызмет атқаратындығына сендіре білу керек.

Сот отырысы хатшысының маманы – бұл жас заңгердің мансабына жақсы бастау, осы лауазым әркезде бастамашылық және адалдыққа ұмтылуды көрсете білетін белсенді және мақсат қоя алатын қызметкерлерге лайық. Тұрақты ой-өріс қабілетін, талдауды, оқуды талап етеді, әр күнде өсуге және дамуға мүмкіндік береді.

 

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының Бас маманы, сот отырысының хатшысы М. Акимбаева

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Сот отырысының хатшысы атқаратын қызмет - Yvision.kz