Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Сот жұмысымен таныстыру" атты семинар өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында 16 мамыр 2019 жылы жас ұрпақты құқықтық тәрбиелеу және болашақ мамандарды сот жұмысымен таныстыру  мақсатында аудандық сотының бас маманы Н. Сеиловтың өткізілуімен "Тұран" колледжінің 2-курс студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерге азаматтық істерді қарау ерекшеліктері мен электрондық технологиялар қолдану туралы баяндап өтті.

Аудандық сот судьясы  инновациялық технологиялар туралы ақпарат берді, инновациялық технологиялар сот қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін  және сот төрелігін қолжетімді ететінін айтты.

Сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу туралы айта отырып, бастысы сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға түсіру екендігін атап өтті.

Кездесу барысында студенттер азаматтық істерді қарау тәртібі мен мерзімдері, мемлекеттік қызметке түсу және одан өту, оқу практикасын өту шарттарымен сотта тағылымдамадан өту сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойылды.                

Н. Сеилов, студенттерге азаматтық істерді қарау шарттары мен тәртібін,сондай-ақ соттарда білім беру тәжірибесі мен тағлымдамадан өту үшін мемлекеттік қызмет шарттарын қабылдау және өту тәртібін ережелерін түсіндірді.

Кездесуді аяқтай отырып, аудандық сот судьясы студенттеге сапалы білім алып, өз ісінің білікті мамандары атанып шығуына тілек білдірді.

Осы тақырып бойынша

"Сот жұмысымен таныстыру" атты семинар өткізілді - Yvision.kz