Сот жүйесі даму жолында.
Елбасымыздың 100 нақты қадам ұлт жоспары атты реформасында сот жүйесіне аса зор назар аударылған, сол реформада қозғалған мәселелердің бірі сот отырыстарында аудио бейне тіркеуді қолдануды қолға алуды атап өтуге болады, яғни еліміздегі барлық сот отырыстары аудио және бейнеге жазылып отырады деген сөз. Бұл не үшін керек десеңіз? Сот жүйесін Аудио бейне тіркеу жүйесімен қамту еліміздегі тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімді арттыру үшін, қағазбастылықтан құтылу үшін, сот жүйесін халыққа ашық қылып көрсету үшін және озық технологиялар заманында заманның талабына сай жүру үшін іске асырылған шаралардың бірі десек қателеспейміз.
Бұл жоба қолға алар сәтте әлемдегі басқада елдердің яғни Сингапур, Украина т.б мемлекеттердің тәжірибесі назарға ала отырып жасалған болатын.
Аудио-бейне тіркеудің тағы да бір артықшылығы, судья қылмыстық істі жүргізген сәтте айыпталушыны тасымалдаусыз, сот отырысын қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік алады, яғни сот отырысын қашықтықтан жүргізу арқылы мемлекет қаражатын және уақытты үнемдеуге болады, күтпеген жағдайларыды болдырмауға септігін тигізетіні анық.
АБТ жүйесінің негізгі басымдығы, сот процестерін аудио- бейне тіркеу арқылы процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады,
Сот жүйесінде аудио бейне тіркеу жобасынан бөлек, сот кабинеті сияқты тағы басқа да озық технологиялар қолданылып келеді және жылдан жылға жаңа технологиялардың заман талабына сай енгізілетіні анық.
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы Г.Керимбекова
