Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдануын дамытуға бағытталған тренинг болып өтті
2018 жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызында Алматы қаласы |Жетісу аудандық сотында мамандардың қатысуымен мемлекеттік тілдің дамуын талқылау бойынша тренинг өтті.
Тренинг барысында соттың кеңсе меңгерушісі мемлекеттік қызметте қазақ тілінде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі және де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Сондықтан, сот ісін жүргізу, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін, мемлекеттік тілдін білу деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті.
Іс-шараға қатысушы бас маман Л.Т. Какенова өз-сөзінде «Мемлекеттік тілді дамыту – Қазақстанның әрбір азаматының борышы» атты тақырыпта баяндама оқыды. Өз баяндамасында кеңсе меңгерушісі, қазіргі замауи жағдайда мемлекеттің болашағы тікелей ұлттық құндылықтар жүйесін қолдау мен қорғаудағы мемлекеттің қабілетіне байланысты екенін айтты.Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі мемлекеттік тіл болып табылады.
«Мемлекеттік тіл – мемлекет аумағындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әрекет ететін, іс жүргізу және сот ісін жүргізу, заң шығару, мемлекеттік басқару тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады, және мемлекет пен қоғамның онсыз өмір сүруі мүмкін емес»,- деді
Трениг соңында қатысушылар мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

