Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сотта «Қазақ тілінің мәртебесі» атты семинар өтті

2021 жылы 26 ақпан күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың жетекші маманы В.Ефименко «Қазақ тілінің мәртебесі» атты семинар өткізді.

Семинар барысында В.Ефименко сот мамандарына: «Қазақстан Республикасының тіл туралы 11-шілде 1997 жылғы заңының 4,7,9 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Ата Заңымыздың елге әкелген көптеген өнегелерінің бірі мемлекет құрастырушы ұлт тілі - қазақ тілін мемлекеттік деңгейінде көтеруінде болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.», - деп жеткізді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
102

Осы тақырып бойынша

Сотта «Қазақ тілінің мәртебесі» атты семинар өтті - Yvision.kz