Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» атты семинар өтті.

2021 жылы 26 ақпан күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың жетекші маманы М.Молдан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» атты семинар өткізді.

Семинар барысында М.Молдан сот мамандарына: «Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мемлекеттік бағдарламалар 1998-2018 жылдардағы Заң актілеріне сәйкес жемқорлыққа қарсы әлеуетті көтеруге және оны іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталды. Соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін белгілі бір заңнамалық база қалыптастырылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында нормативтік құқықтық база жиырмадан астам заң арқылы жетілдірілді.», - деп жеткізді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» атты семинар өтті. - Yvision.kz