Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мақсаты» атты семинар өтті.

2021 жылы 25 мамыр күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың жетекші маманы Ж. Еденбаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мақсаты» атты семинар өткізді.

Семинар барысында Ж. Еденбаева сот мамандарына: «Мемлекетіміз осы бір жаһандану заманында көркейіп, өркениетті әрі жоғары сатыда дамуы үшін елімізге сауатты да білімді, қоғамда құқықбұзушылықтар мен қылмысқа төзбейтін отансүйгіш, патриот азаматтарын тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған маңызды мәселелердің қатарында осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі тұр. Бұл да қазіргі кезеңдегі белең алған бір індет десе де болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп атап көрсетілген аталған Жолдауда.

Бүгінде жемқорлықпен күрес күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Қоғамның барлық саласында кездесетін бұл әрекет қылмыс екені айдан анық. Әсіресе, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастың пайдасы мен мүддесі үшін пайдалануы – қауіпті.

Сыбайлас жемқорлық – өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану. Олар қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне қайшы келеді. Жолдаудағы мәселе төңірегінде көңілге бір қонымды жәйт ол – мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олардың қызметтен босатылатындығы.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтындығы және жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатындығы да нақты көрсетілген», - деп жеткізді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мақсаты» атты семинар өтті. - Yvision.kz