Сотта "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері" атты семинар өтті.
2021 жылы 25 наурыз күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың жетекші маманы Г.Керімбекова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері» атты семинар өткізді.
Семинар барысында Г.Керімбекова сот мамандарына: « Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.
Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.
Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды.», - деп жеткізді.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты
