Су тасқынынан орын алған Жақсыбай ауылында болды
"AMANAT" партиясының облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттары Есқайыр Елемесов, Біржан Қуаналиев және Бауыржан Қарақұлов көктемгі су тасқынында орын алған Жақсыбай ауылында болып, қалыптасқан ахуалмен танысып қайтты. Сапар барысында депутаттар жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақ-сауалдарына жауап берді, сондай-ақ "АMANAT" партиясы атынан азық-түлікпен көмек көрсетті . Әрине, көрсетіліп жатырған көмек зардап шеккендерге көрсетілетін қолдау мен жәрдемнің тек бастамасы ғана және мұндай игі іс барлық жанашыр адамдар тарапынан жалғасын табатындығына сенімдіміз.


