Сыбайлас жеқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өткізілді
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында, сот төрағасы К.А. Ермековтың және аудандық судьялардың қатысуымен семинар өткен болатын.
Алғы сөзбен сот төрағасы К.А. Ермеков отырысты бастап, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, көпшіліктің соттарға және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілерін шеттету үшін ескерту, алдын алу жұмыстарын белсенді түрде өткізу қажеттілігін атап өтті.
Іс-шара барысында төраға Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, партиялық бағдарламада бекітілген сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіптілігін, мұндағы мәселелермен күресудің барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Жиында сот төрағасы «сот төрелігінің мүлтіксіз жүйесі мемелекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты элементі – құқықтың үстемдік етуімен маңызды» болатынын айтты.
Іс-шараны қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұсынымдары қабылданды.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

