Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Мектептен тыс жұмыстар орталығы» және «Балалар саз мектебі» қазыналық коммуналдық кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері қатысты.

Отырысты «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Кадимов Тахир Зинурұлы ашып, жүргізді. Қоғамдық кеңес отырысында түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларды болдырмау бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндалды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жан-жақты талқылап, осы міндеттерді бірлесе орындау қажеттілігі айтылды.

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес - Yvision.kz