Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
Отырысқа Көшкентал БПҰ төрағасы Алдабергенов Олжас , аудандық орталық аурухананың медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау жөніндегі директордың орынбасары Жайнарбекова Алия, кеңес мүшелері онлаин және офлаин қатысты.Күн тәртібінде қаралған мәселелер:1.«Көшкентал» бастауыш партия ұйымында «Қазақстан Республикасындағы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасының орындалуы туралы;2.Аудандық аурухана мекемесінде «Қазақстан Республикасындағы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасының орындалуы туралы;Отырыс барысында кеңес мүшелері өз сұрақтарын БПҰ-да және орталық ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы толықтай ақпарат ала алды. Отырыстың соңында шешім шығарылды және алдағы уақытта да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғастырылуы керек екені айтылды.
