Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сырлы әуенмен сыр шерткен....»

Өзіндегі өнердің мөлдір тұма бастауын халық мұрасынан тапқан талғампаз өнерпаз бүгінде кемеңгер шағына келіп , шығармашылық әлемінің құзар шыңын бағындырғалы да біраз уақыт өтті. Сол себепті оның есімін естігенде бүгінде елең етпейтін қазақ жоқ. Ол халық өнерін саф алтындай қалпында сақтап , оны тереңінен тартып жүрген ерекше дарын иесі. Алтынбек Қоразбаевтың әндері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Шарада ағамызға деген құрметтерін ән мен жыр жолдары арқылы жеткізген өнерпаздар ортаға өнерлерін салды. Олар: Алмагүл Жұма, Мерген Мұханов, Айжан Талғатова, Сәлімжан Аубакиров, Аңсар Жетпісқалиев, Айкерім Еслямова, Есбол Нетқали, Диана Мұратбековалар. Сонымен қатар, әдеби-сазды кеште Алтынбек Қоразбаевтың «Әгугәй домбыра», «Қара шал», «Шашбаулым», «Елге сәлем» т.б әндерін орындалды. Кеш соңында көрермендерге, колледж студенттеріне сазгердің өмірбаянынан сұрақтар қойылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

0
0
373

Осы тақырып бойынша

«Сырлы әуенмен сыр шерткен....» - Yvision.kz