Сырымдық кандидаттар шаруа қожалық жұмысшыларымен кездесті
Батыс Қазақстан облыстық маслихаты депутаттығына кандидат Ғанимат Қайыржанұлы, ҚР Параламенті Мәжілісіне кандидат Абзал Құспанның сенімді өкілі Тәжімұқан Сыдық және Сырым аудандық маслихаты депутаттығына кандидат Шынар Сайлауқызы “Арон” шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, шаруашылық төрағасы Мырзағалиев Кеңестің ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Мырзағалиев Кеңес 2021 жылы «Арон» шаруа қожалығын құрып, мал басын көбейтуді қолға алды. Бүгінде қожалықтың иелігінде 160 ірі қара малы соның ішінде 100 -і герефорд аналық, 60 қой ешкі, бір үйір жылқы және бірінші категориялы төрт бас герефорд бұқасы бар. Сонымен қатар, екі трактор, 2 шөп шапқыш, 1 шөп орағыш және 1 газель бар. Бүгінде Арон шаруа қожалығы 3 адамды еңбекпен қамтып отыр Кәсіпкердің алдағы жоспары – мал басын көбейту. Осыған орай кәсіпкер көктем шыға үлкен мал базасын салуды жоспарлап отыр. Күзге дейін құрылыс жұмыстарын аяқтамақ. Шаруа мал басын көбейту үшін жайылымдық, шабындық жер қажет екенін де атап өтті. Әлі де 1200 гектар жер қажет дейді. #Сайлау2023


