Тұрғындардың қалауы – әділетті Қазақстан.
📷Тұрғындардың қалауы – әділетті Қазақстан.
📷ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның сенімді өкілдері Жезқазған қаласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорын "Ulytau Nan" нан зауытында болып қайтты.
📷Жиынның мақсаты - алдағы кезектен тыс президенттік сайлаудың маңыздылығы мен басты құндылықтарын дәріптеп, тұрғындардың мемлекет басшысын тағайындауға атсалысуы. Кандидаттың сенімді өкілдері Елдос Әбікенов пен Мұрат Бөрібаеа ел тағдырын айқындайтын саяси науқанның өзектілігін тілге тиек етті. Бұл кезеңде тұрғындардың белсенділігі маңыздылығы атап өтілді.
📷 – Алда болатын Президент сайлауы еліміздің тарихындағы маңызды белес болмақ. Бұл Әділетті Қазақстан құру жолында орын алатын шынайы өзгерістерге деген елдің дайындығын көрсетеді. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді,- деді Елдос Қуанышұлы.
📷Мұнан соң сөз алған Мұрат Ерболатұлы мемлекет басшысының әр жылдарда жолданған Жолдауларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалған бағдарламалар мен бастамалары әрдайым жүйелі жүзеге асып жүргенін, соның нәтижесінде қай салада өрістеу барына тоқталды. Әсіресе еңбек адамдарына, ұстаздарға, дәрігерлерге қолдаудың жан-жақты болғанын да атап өтті. Әділетті мемлекетте өмір сүру үшін сол жолға бастайтын тұлғаны қолдау – мемлекеттің өсіп-өркендегенін қалайтын әр азаматтың міндеті екені де сөз болды
#Toqaev2022
