Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындарды жеке қабылдады

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жиынға дербес бөлім басшылары қатысты. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қабылдауға келе алмаған Қамысты ауылдық округінің тұрғындары мамандық бойынша жұмысқа тұру, мемлекеттік грант алу жөнінде сұрақтарын қойды. Өз кезегінде қабылдауға келген аудан тұрғындары маршруттың тұрақсыздығы, бір реттік әлеуметтік төлем, жұмыс орнындағы тәртіпсіздік, үй кезегі, «Бизнес бастау» оқу гранты, интернет желісінің төмендігі, жұмыссыздық, жалға берілген пәтерлерде газдың жиі сөнуі сынды мәселелерін алға тартып, көмек сұрап келді. Аудан әкімінің орынбсары Асхат Хамитұлы оларға тұшымды жауаптарын беріп, айтылған мәселелер хақында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

0
0
147

Осы тақырып бойынша

Тұрғындарды жеке қабылдады - Yvision.kz