Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдауды талкылау

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талкылау

Студенттерге 2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы екенін және «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштасатынын түсіндіріп, бағыттарға таныстыру керек. Осы мақсатта 15 ақпанында Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы қабырғасында еліміздің басты мәселелерін көздейтін Жолдауды талқылауға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынының 3 курс студенттері мен № 10 орта мектебі оқушылармен кездесу өтті. Кездесуіміздің басты қонағы - еңбек жолдарында мол жылдар бойы еңбек еткен, елімізге еңбегі сіңген Еңбек ері Сайран Балкенұлы Бұқанов болды.Президент өз жолдауында әр саланы қамтып, нақты міндеттер қойды, сол міндеттерді қалай іске асыруымыз керек және сол үшін қандай жұмыстар жасаумыз керектігіміз жайында, сонымен қатар жолдаудың ерекшелігін және басым-бағытын Сайран Балкенұлы егжей-тегжей түсіндіріп кетті.

Кездесу барысында жастар 2018 жолдаудың жаңа бағыттары жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Жолдауды орындауда қандай жұмыстар жасалыну керек,оны қалай іске асыру керектігі жайында сұрақтар қойып,өз жауаптарын алды. Сонымен қатар қатысушылар Жолдаудағы көзделген 10 қадамды орындауда өз үлестерін қосуға сенім білдірді.

Елбасымыз осы тарихи жағдайды қазақ халқы жақсы пайдаланып,яғни алға қарай жылжиды деп үлкен сенім артып отыр. Сол себептен санасы мен білімі бай адам маман болып,еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Сонда ғана біз болашақта дамыған 30 мемлекеттің қатарына сүрінбей кіретінімізге сенім мол.

#Костанайская_ОДЮБ_им.И.Алтынсарина #Алтынка_библиотечная #ОДЮБ #БұқановС.Б.

https://plus.google.com/photos/105444590971516272131/album/6524135881310653153?authkey=CIOdnZ6W_M6TxwE

0
0
466

Осы тақырып бойынша

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдауды талкылау - Yvision.kz