Төтеншеліктер өткен тәулікте 170-тен астам жедел шақыртуға барған

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 174 жедел шығу жасады, оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына, 89-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 32 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!", - деп жазады @press_TJM.
