"Тәуелсіздік белестері"
«Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»
-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.«Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады.Бүгінде біз-қанатын кеңге жайған егемен елміз.Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, ән ұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 29 жыл толып отыр. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың, болғанына да мақтанамын. #Онлайнпатриоттықакция"Тәуелсіздік белестері" Қыдырбайқызы Айдана.Қайнар ауылдық жастар ісі жөніңдегі әдіскер нұсқаушысы
