«Тәуелсіздік тарихы-табыстарымыздың тарихы»
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысуымен ZOOM платформасында «Тәуелсіздік тарихы-табыстарымыздың тарихы» атты дөңгелек үстел өттң.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар ашық және жемісті пікірталас барысында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелерін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлін, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесін талқылады.
