Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізген белгілі партия мүшесі туралы

Бейсқали Толқын Ермекқызы 1967 жылы 11 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген.

1983 жылы Н.К.Крупская (қазіргі Х.Досмұхамедұлы) атындағы орта мектепті аяқтап, Атырау қаласындағы педагогика институтының «физика-математика» факультетінің «математика және физика» пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықты.

1988 жылы еңбек жолын өзі оқып-білім алған Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте аға тәлімгер және мұғалім болып бастаған.

1990 жылы Орал қаласындағы мектеп басшыларын арнайы дайындайтын 3 айлық курсты оқып келіп, аудандық бөлім басшысының жолдауымен Б.Аманшин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.

2002 жылы аталған мектепке мектеп директоры қызметіне жоғарлады.

Мектеп директоры бола жүріп, 2003 жылы аудандық мәслихаттың ІІІ шақырылымына депутат болып, 2003 жылдың 8 қазаны күні Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланып. IV,V,VI шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, әрі хатшысы болып жұмыс жасап келеді.

Еңбек еткен жылдарында төмендегідей марапаттарға ие болды:

- 1999 ж. ҚР Білім беру ісінің үздігі;

- 2001 ж. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;

- 2006 ж. «ҚР Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі;

- 2008 ж. ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының «Алғыс хаты»;

- 2011 ж. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;

- 2014 ж. «Ерен еңбегі үшін медалі» мемлекеттік наградасы;

- 2019 ж. ҚР Парламент Сенатының «Құрмет грамотасы»;

- ҚР Тұңғыш Президентінің үш мәрте «Алғыс хаты»;

- «ҚР Полициясына 25 жыл» мерекелік медалі;

- Облыс әкімінің «Алғыс хаттары»;

- Облыстың «Құрмет грамотасы»;

- Аудан әкімінің «Алғыс хаттары»;

- «Nur Otan» партиясының «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттары».

- ҚР-ның Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері, гендерлік саясат жөніндегі комиссия төрайымының «Алғыс хаты».

Отбасылы, жолдасы Аманқұл Ізімұлы екеуі 3 ұл тәрбиелеп өсіруде.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізген белгілі партия мүшесі туралы - Yvision.kz