Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізген белгілі партия мүшесі туралы

Осы әрбір жеткен жетістіктің артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегін байқауға болады. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, ел үшін тынымсыз еңбек еткен азамат, азаматшалар біздің ауданда да жетерлік. Атап айтқанда, Ізбасқан Жәния Қалиқызы, Бейсқали Толқын Ермекқызы және Сүлейменов Мәлік.

Ізбасқан Жәния Қалиқызы 1953 жылы 17 қыркүйекте Атырау қаласының бұрынғы Еркінқала ұжымшарында дүниеге келген.

Гурьев медицина училищесінің фельдшерлік бөлімін, Атырау педагогикалық институтының биология бөлімін бітірген.

1972-1978 жылдары Қызылқоға ауданындағы өкпе аурулар ауруханасында медбике;

1978-1985 жылдары аудандық киножүйесінің директоры;

1985-1992 жылдары халық депутаттары Қызылқоға аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1992-1993 жылдары аудан әкімінің орынбасары;

1993-2004 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;

2004-2006 жылдары аудандық ішкі саясат, мәдениет және туризм бөлімінің меңгерушісі;

2006-2009 жылдары Миялы ауылдық округінің әкімі;

2009-2016 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;

2017-2019 жылдары аудандық «Арман» мәдениет үйінің басшысы;

2020 жылдан бастап аудан әкімі аппаратының қызметкері.

Еңбек еткен жылдарында төмендегідей марапаттарға ие болды:

1975 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісі;

1976-1977 жылдары медицина саласына арнайы грамотасымен және Орталық комсомол комитетінің 2 «Құрмет грамотасы» және 1 «Құрмет дипломы», «Оныншы бес жылдықтың жеңімпазы», «Бүкілодақтық халық шығармашылығы II және III фестивалінің жеңімпазы» белгілері;

1995, 1997, 2000 жылдары Облыстық мәдениет басқармасының 7 «Құрмет грамотасы;

«Аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың 11 «Алғыс хаты»;

2000 жылы «ҚР-ның Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері;

2001 жылы ҚР-сы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Құрмет дипломы»;

Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты»

Облыс әкімінің 5 «Алғыс хаты»

ҚР-ның Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың «Алғыс хаты»

2003 жылы «Ғибратты ғұмыр» атты кітабы шықты.

2006 жылы «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» энцоклопедиялық кітабына енді.

2019 жылы «Қасиетіңнен айналын Қызылқоғам» атты кітабы шықты.

2009 жылы Астана қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның сьезіне делегет болып қатынасты.

2011 жылы Облыста өткен мемлекеттік қызметкер арасынан «Қанатты әйел» номинациясына ие болды.

2012 жылы Облыс бойынша 24 адамның ішінен «Жыл үздік адамымен» марапатталды.

Ізбасқан Жәния Қалиқызы Қызылқоға аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. 3 рет Қызылқоға аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы қызметтерді қоса атқарды. 1 рет мәскеуде, 2 рет Алматыда, 3 рет Астанада өткен Қазақстан әйелдері сьезіне қатысып, биік мінберлерден сөз сөйледі.

2012 жылы өткен II-III-ші Еуразиялық әйелдер самитіне қатынасты.

Бүкілодақтың II-III фестивалдердің лауреат атағы;

2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді;

2013 жылы ҚР-ның Президентінің қол қойылған «Құрмет орденімен»;

2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Отбасылы, жолдасы Нәби дәрігер, ұл-қыздары, немере-жиендері бар.

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізген белгілі партия мүшесі туралы - Yvision.kz