Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәуелсіздіктің негізгі кезеңдері. Болашаққа көзқарас»

Ш.Уәлиханов атындағы КУ және Еуразиялық интеграция институтымен бірлесе онлайн түрінде «Тәуелсіздіктің негізгі кезеңдері. Болашаққа көзқарас» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Шараның мақсаты - мемлекеттілікті, халық бірлігін нығайту және барлық қазақстандықтарды "Мәңгілік Ел" құндылықтары төңірегінде біріктіру. Студент-жастар арасында отансүйгіштік, азаматтық, төзімділік, өз елі үшін патриоттық сезімдерін ояту.

Міндеттері - Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету; "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын ілгерілету; Біртектілік пен бірлікті, өз елі үшін мақтаныш сезімін нығайту.

Бүгінгі ғылыми шараға елімізге белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» жетекшісі, бірқатар өңірдегі университеттердің басшылары, «Еуразиялық интеграция институты» директоры, «Атамекен» Ақмола өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры және т.б. өңірлік кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент-жастарымыз қатысты.

Іс-шараның модераторлары: Саиров Ерлан Бияхметұлы "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры және Ғалым Симбекұлы Байтук Ш.Уәлиханов атындағы КУ ӘМД жөніндегі проректоры, қоғам қайраткері.

Тәуелсіздік қарсаңында ұйымдастырылып отырған ғылыми іс-шараны Ш. Уәлиханов атындағы КУ ректоры Марат Сырлыбаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, білім ордасының басшысы конференция қатысушыларын еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Шара барысында спикерлер ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Сарым Айдос Амироллаұлы, "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры Ерлан Бияхметұлы Саиров, саяси ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Абдығалиұлы, саясаттанушы Қазбек Өмірзақұлы Майгельдинов, Парламент Сенатының V және VI шақырылымдарының депутаты, журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев, «Қоғамдық келісім» жетекшісі Ермек Бекенұлы Нұғыманов, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Владимирович Смағұловтар "ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет құрудағы рөлі», "Тәуелсіз Қазақстанның геосаяси бағдарлары», "Қазақстан: ішкі саяси тұрақтылық – Тәуелсіздік негізі», "Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы», "Тәуелсіздіктің тарихи аспектілері» тақырыптарында бүгінгі күнде өзекті болып табылатын маңызы зор, тағылымды баяндамалар жасады.

0
0
168

Осы тақырып бойынша

«Тәуелсіздіктің негізгі кезеңдері. Болашаққа көзқарас» - Yvision.kz