Түйінді сауалға, тұшымды жауап алды
Қызылорда облысында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміктерлер Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы «Шаған Жер» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында «Nur Otan» партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты бағдарламасын таныстырып, даму жолына бағытталған ең басты бағыттарды атап айтты.
Облыстық мәслихат депутаттығын үміткер Расул Есенов алдағы кезеңде өңірде жаңа озық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығын заманауи жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру үшін «Nur Otan» партиясы 87 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отырғандығын айтты.
Аудандық мәслихат депутатығына үміктер Еркебұлан Жақып Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде су қоймасының құрылысы, Қараөзек арнасында су қоймасының құрылысы, жайылымдық мал шаруашылығын дамыту міндеттері алға қойылды. Осындай ел иглігіне бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін Сіздердің қолдауларының біз үшін аса маңызды,- деді өз сөзінде.
Несібесін қара жерден тауып отырған серіктестік өкілдері партия бастамаларын ерекше ықыласпен қабыл алып, бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Сайлау-2021
