Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"ТАҢ АТПАЙ ТҰРЫП, САЙЛАУҒА САЙЛАНЫП БАРУ - ОТБАСЫМЫЗДА ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР" - дейді Нәжім ата

Бүгін, 2020 жылдың 19 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы – Нәжім Ерғалиұлы Дәулетовтің шаңырағында болды.

Хәл-жағдайын сұрай келген үміткерлерді жылы қабылдап, өзінің рухани әңгімесін тарқатқан ардагер, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сайлау науқаны туралы да сұрады.

Ардагер ата - Нәжім Ерғалиұлы, әр сайлау сайын отбасымен бірге сайлауға қатысып, дауыс беруді - ең үлкен борыш деп санайды. Қолына өзінің жетістіктерімен толтырылған қалың естелік-жинағын алып, келген үміткерлермен бөлісті. Сонымен қатар, елімізде бастау алған алғашқы сайлау үрдістері жөнінде әсерлі әңгімелерін де ортаға салып, өзінің ақыл-кеңестерін айтты.

Өңірдің құрметі азаматымен өткен рухани сұқбат соңында үміткерлер ардагерді және оның отбасын сайлауға ат салысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Үлкен саяси үрдіске үлес қосып жүрген үміткерлерге ақсақал да өзінің ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

0
0
179

Осы тақырып бойынша