Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тағдыр-тағдыр «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Природа «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Құбыласың, шіркін дәурен, сен талай,

Өтіп жатсың, өтіп жатсың тоқтамай.

Еш адамнан, жәйін, мәнін сұрамай,

Төпелейсің, сынақтарды аямай.

 

Қайран күндер, кетесіңдер оралмастан,

Тағдыр-тағдыр, кім білген ол бастан.

Қилы жолды, талайларды адастырған,

Қайран дәурен, қайран, сан құбылған.

 

Дидарымды қайтейін, тіл байлаған,

Жаным менің, көп аңсаған, сағынған.

Қайтейін сөздерімді, тас болған,

Айталмаған, ешбір жанға айтпаған.

 

Күміс тақтың, самайыма, сен бүгін,

Шақырсамда, кетіп барады көктемім.

Солдырмашы, өмірімнің сен гүлін,

Қайран дәурен, бір өзіңде, сенімім.

 
1
1
773

Осы тақырып бойынша

Тағдыр-тағдыр «Аудио өлең» - Yvision.kz