Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тағы 30 әлемдік бестселлер қазақ тілінде шығарылады

Бұл туралы «Ұлттық аударма агенттігі» қоғамдық қорының (бұрын - WikiBilim) атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, аударма жөніндегі ұлттық агенттік сіздің нұсқауларыңыз бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» бағдарламасын іске асыру үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылды. Біздің ұйымды да жастар ұйымы деп атауға болады, өйткені біздің мамандардың басым бөлігі тәуелсіздік жылдарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған жастар болып табылады», - деді Рауан Кенжеханұлы Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ өткен жылы осы жобаның аясында қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 оқулық ұсынылғанын, одан кейін олар республиканың 1 015 жоғары оқу орындарына 10 мың данадан сыйға тартылғанын атап өтті.

«Бұл оқулықтардың электрондық үлгілері Интернетте тегін пайдалануға жүктелді. Осыған байланысты әлемнің жетекші ғылым және білім беру орталықтарының алтын білім қоры барлық қазақстандық ЖОО-ларға, студенттерге және оқытушыларға қол жетімді болды. Бүгінгі таңда біз 30 кітаптың (әлемдік бестселлерлердің) аудармасын аяқтаймыз. Олар жақында шығарылып, жаңа оқу жылында студенттерге қолжетімді болады», - деді Рауан Кенжеханұлы.

Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл бағдарлама аясында көптеген кітаптар қазақ тілінде жарық көрген болатын. Мәселен, Американдық жазушы Стивен Ковейдің «7 тиімділігі жоғары адамдарға арналған дағдылар» дүниежүзілік бестселлерлері мен профессор Йуваль Нуар Хараридің «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» кітаптары «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жүзеге асырылған болатын.

Аударылған бестселлерлер адам капиталын дамытуға, бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм рухында қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуге зор үлес қосады.

Біздің еліміздің барлық өңірлеріндегі қазақстандық жастар жаһандық білімге қол жеткізуге тырысады, ойлау мен практикалық дағдыларды дамытуға ұмтылады. Аударма жұмыстарын жүзеге асырушылардың ойынша, біздің авторларымыздың кітаптарын оқыған оқушылар, шын мәнісінде кез-келген қазақстандықтар одан әрі дамуға және басқа әлемге әйгілі туындыларды жалғастыруға ынталы.

0
0
678

Осы тақырып бойынша

Тағы 30 әлемдік бестселлер қазақ тілінде шығарылады - Yvision.kz