Таба алмасам балама, бүгін уақыт «Аудио өлең» Бала — бауыр етің
Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған - Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы - Secret Garden "Aria"
1 Бейнематериал авторы - Популярные видео в Казахстане "Ата-ана"
2 Бейнематериал авторы - Самые лучшие видео "Новая Зеландия"
Фотоматериал авторлары - Түрлі жүйелерден алынған "Белгісіз"
Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте - https://vk.com/public56982889
Қатты ауырды-ау жүргегім, естігенде,
Отыр екен сөйлесіп суреттермен.
Кенжетайым, бауырым, ботам менің,
Сұрағына, жауап беріп өзінің.
О, тағдырым, сұрап едім жүрекпен,
Аналықты армандап, жылап, тілеп.
Түкке тұрмас, мың тілектің ішінен,
Бір тілекті, қабыл алдың, сен естіп.
Көз алдымнан, өтіп жатыр сөздерім,
"Қоя тұршы, бара тұршы, ия, сосын"
Өкініш, өкініште мынау көңілім,
Бағаламай қалғаным ба, Жаратқанның мен сыйын?
Құшып жатып, жүрегіме баламды,
Сезіп тұрып, жүрегінің дүрсілін.
Үнсіз айғай, өртеп жатыр жанымды,
"Мен мындамын, мен бармын, кешір" дедім.
Таба алмасам балама, бүгін уақыт,
Қартайғанда таба ала ма, ол маған.
Мынау ұямнан, үркіп ұшар бар бақыт,
Құнсыз өмір, ылтипатсыз бос болған.
Дүние кезек, дүние кезек шіркін-ай,
Кәрі жасқа, жас кәріге, бұрылмаған.
Беу адамзат, ойланайық, бос қалмай,
Өмір өзен, әкелгенде жағаға.
